Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сенбі күні жасаған мәлімдемесінде Қытай, Ресей және Украина елдерімен ұлттық валюта арқылы сауда жасауға дайын екенін білдірді. Ердоғанның сөзінен бір күн бұрын түрік лирасының құны төмендеген болатын. Бұл туралы VOA жаңалықтар қызметі хабарлады.
Түрік президенті бұл мәлімдемесін өзінің «Әділет және даму» партиясының жиынында айтқан болатын. Ердоған бұл мәлімдемесі арқылы егер Еуропалық елдер доллар қысымынан тәуелсіздік алғысы келетін болса, онда Түркия олармен селбесетінін білдірді.
Естеріңізде болса осыдан бұрын түрік қалталыларының АҚШ-та терроризмге қолдау көрсетуші ретінде сотталуы және Сүрия мәселесі, Фетхуллах Гүлен ісі бойынша екі ел арасында араздық пайда болған еді. АҚШ тарабы Түркияның бірқатар лауазымдыларына санкция салды және экономикалық санкция салатынын айтып қорқытты.
Биыл, түрік лирасы өз құнының 40 пайызын жоғалтып алды. Бұл Трамптың Түркияға қаратқан саясаттарына байланысты болды.
Ердоған осыған байланысты Еуропа елдеріне доллар қысымына қарсы бірлесу емеурінін танытып отыр.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел