Дүние жүзінде білім беру саласы құлдырай бастағаны көп жылдардан бері айтылуда. Жыл сайын жоғары оқу орындарына емтихан тапсыру кезінде емтихан сұрақтары мен жауаптары алдын ала таралып кету істері Батыстың дамыған елдерінде де туылуда. Ұлыбритания үкіметі осыдан кейін бұл істі қатаң бақылауда ұстамақ. Олар емтихан сұрағын жасаушы ұстаздар мен мамандардың бірқатар құқықтарын шектеу шараларын қолданды. Бұл туралы сол елдегі BBC агенттігі хабарлады.
Ұлыбританияда емтихан сұрақтарын дайындауға Ofgual департаменті жауапты. Былтыр екі колледжде емтихан сауалдарына байланысты даудан кейін жоғарыдағыдай шараны үкіметке ұсынды. Былтыр Итон және Винчестер колледждерінің қызметкерлеріне емтихан сұрақтарын алдын ала шығарып жіберді деген айыптар тағылған.
Қазірде емтихан сұрақтарын шығаруға мұғалімдер де қатыса алады, алайда оларға қойылатын талаптар шектеулі. Айталық, өздері жасаған емтихан сұрауларының нақты қандай емтиханға және қашан, қайда қолданылатынын біле алмайды; олардың сұрақтарды сыртқа жайып жібермеуі қатаң бақылауда болады.
Итон колледжінде емтихан сұрақтары сыртқа таралып кеткеннен кейін директоры орнынан алынды және бірқатар қызметкерлері босатылды. Винчестер колледжінде де бірқатар оқытушылар жауапқа тартылды. Осы оқиғалардан кейін мұғалімдерге жауапкершілік күшейтілді.
Британның білім беру саласында емтихан сұрауларын сату істерін мәлімдегендерге сыйақы тағайындау істері де қарастырылуда.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы