Президент әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алексей Калайчиди: «Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құқық қорғау жүйесін жаңарту жұмыстары басталды» – деп мәлімдеді.
Тамыз айының 10-ы күні Алматыда өткен қалалық кеңес отырысында Алексей Калайчиди: «Мемлекет басшысының 30 мамыр күні өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында берген тапсырмасы бойынша, біз құқық қорғау органдары мен сот жүйесін модернизациялау жұмыстарын бастадық. Күштік құрылымдарды реформалау қиын процесс. Кеше ғана тиімді жұмыс істеп тұрған жүйе, бүгін ешқандай нәтиже бермеуі мүмкін. Мен Алматы қаласының қоғамдық кеңесіне ішкі істер министрлігін реформалауға байланысты бастама көтергендері үшін алғыс айтқым келеді» - деп мәлімдеген.
Естеріңізге салайық, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімінен кейін, Алматы қаласының халқы жаппай ІІМ жұмысына көңілдері толмайтындықтарын айтып, ведомства басшысы Қалмұханбет Қасымовтың отставкаға кетуін талап еткен. Осыдан кейін тамыз айының 3-і күні Алматы қаласынада қоғамдық кеңес өткен. Отырыста кеңес мүшелері президент әкімшілігі мен ішкі істер министрлігіне құқық қорғау жүйесін реформалау жөнінде ұсыныс жасаған.