Бразилия өзінің солтүстік көршісі Венесуэламен шекарасын жауып тастады. Жергілікті ақпарат көздері бұның Венесуэладан келетін мигранттарға қарсы жасалған шара екенін хабарлауда.
Мәліметтерге қарағанда, Венесуэладан құрлық шекарасы арқылы келетін босқындарды уақытша шектеу туралы шешімді Бразилия Федералдық соттың төрешісі шығарған.
Осыған дейінгі Бразилияның ресми статистикалық мәліметтеріне, әр күні Венесуэладан кемінде 800 босқынның елге кіретіні айтылған.
Бразилия үкіметінің мәліметінде, босқындарға шекараны жауып тастау уақыттық шара екенін. Босқындарды қабылдауға және олардың ағымын қамтамасыз етуге дайындалып болғаннан кейін шекаралардың қайта ашылатыны айтылған.
Венесуэладағы үш жылдан бері жалғасқан экономикалық дағдарыс және әлеуметтік толқудан көршілес Латын-Америка елдеріне қоныс аударушылар көбейе түскен.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?