АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иран туралы қайталай мәлімдеме жасады. Ол бұл рет Иранды қалыпты елдер секілді қадамдар жасауы керек екенін ескертті. Сонымен бірге Құрама Штаттың Теһран (Тегеран) билігіне қарсы экономикалық санкцияға дайындалып болғанын хабарлады. Бұл туралы VOA басылымы хабарлады.
Помпео жексенбі күні түстен кейін БАҚ өкілдеріне таратқан мәліметінде: «Мен Иран халқының ұлттық көшбасшылыққа кімдердің иелік етуі мәселесінде ашық дауыстарын ортаға салады деп үміттенемін», – деді.
Помпеоның мәлімдеуінше, сейсенбі күні 12:01-ден бастап, Иранның өнеркәсібіне қаратылған санкция күшіне енеді. Тіпті мұның ішіне Иранның әлемге танымал кілем өндірісі де қамтылғаны мәлім болды. Еуропа мен Американың ұшақтарын және бөлшектерін сатып ала алмайды.
Ал Иранның энергетика экспортына бағытталатын санкция қараша айына қарай күшіне енбек.
Помпеоның мәлімдемесінде: «Біз алдағы уақытта басқа жолдарды таңдауымызға болады, бірақ, тек Иранның режимі өз саясатын өзгерткенде ғана», – делінген.
АҚШ санкциясының басталуы екі ел арасындағы шекіспей бекіспейтін теке-тірестің шындап басталғанын түсіндіреді. Екі ел арасындағы қайшылық «Екінші Шығанақ соғысын» тудыруы мүмкін деген болжамдар бар.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес