Түркияда 38 шетелдік азамат тұтқындалды – деп хабарлайды Anadolu ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметінше, Станбұл қаласында жергілікті тәртіп сақшылары бір уақытта алты ауданда орналасқан 12 мекен-жайда арнайы операция өткізген. Нәтижесінде «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымына қатысы бар және ел аумағында лаңкестік шабуыл жасамақ болды деген күдікпен 38 шетелдік азамат ұсталған. Әзірге құзырлы орган өкілдері қамауға алынған адамдардың қай елдің азаматтары екендігі жөнінде ешқандай мәлімет таратпаған.