Облыс орталығы болған Түркістан қаласында кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын және туризмді дамытуға баса мән берілмек. Әсіресе, өнеркәсіп жетекші салаға айналуы тиіс. Себебі, жаңа өндіріс орындары ашылса ғана жұмыссыздық азаймақ, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгінде Түркістандағы индустриалды аймақта түрлі жобалар жүзеге асырылып жатыр. 2018 жылдың қаңтар-наурыз айында индустриалды аймақтағы кәсіпорындардың өндірген өнім көлемі 343,3 млн. теңгені құраған. Ағымдағы жылдың 3 айында өнеркәсіп өнім көлемі 4 331,2 млн теңге болып отыр. Мәселен, индустриалды аймақта орналасқан жиһаз фабрикасында күн сайын ас бөлмеге және жатын бөлмеге қажетті 100 гарнитур шығарылады. Ал, жылына 30-35 мың гарнитур шығаруға мүмкіндік бар. Алдағы уақытта мұндай кәсіпорындар саны көбейеді.
Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаевтың айтуынша, шаһарда өндірісті дамыту бағытында жоспар түзіліп, ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Облыс орталығындағы индустриалды аймақ аумағы 300 гектарға ұлғайып, онда заман талабына сайы зауыттар мен фабрикалар салынады деп күтілуде. Қазіргі таңда шетелден инвестор тарту жұмыстары жүйеленіп жатыр.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?