«Біз АҚШ, Еуропа және Ұлыбританияның Иранға қарсы санкцияларына қосылуға міндетті емеспіз», - деп мәлімдеді Түркияның сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоглу. Бұл туралы, liberation.fr хабарлайды.
Сыртқы істер министрлігі осындай мәлімдемені Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен баспасөз мәслихатында жасады. «Біз АҚШ-тың, Еуропаның және Ұлыбританияның Иранға қарсы санкциясына қолдау көрсетуге міндетті емеспіз. Әрі оған қарсымыз», - деді Чавушоглу. Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Уашингтонға жақтас барлық елдерді 2018 жылдың қараша айында Иран мұнайын сатып алудан толықтай бас тартуға шақырған еді. Оның үстіне, Американың мемлекеттік хатшысы Майк Пампео 4 қарашадан бастап Иран мұнайын тасымалдау ісінің Уашингтон санкцияларын бұзушылық болып саналатынын мәлімдеген еді. Енді, Ақ үйдің осы шешіміне әр мемлекет өзінше баға беріп, өз ыңғайын танытуда. Түркияның осы мәселедегі ұстанымы анықталды, ал өзге елдер қалай қабылдамақ, оны уақыт көрсетеді.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы