Ливия ЕО-ның қаржылық тұрғыдан көмектесуге уәде еткеніне қарамастан, өз территориясында босқындарды асырау орталықтарын құру туралы жоспарын қабылдамайтынын жариялады. Бұл туралы Ливияның премьер-министрі Фаиз Сарадж мәлімдеді, - деп хабарлайды «24heures.ch» агенттігі.
«Біз Еуропа одағының өзге елдері қабылдамаған заңсыз босқындарды бізге орналастыру ұсынысына түбегейлі қарсымыз. Күн сайын Ливия жағалауында жүздеген адамды құтқарамыз», - деген премьер-министр Ливияның жағалау күзетінің босқындарға көмектесуші құтқарушыларға оқ атқаны туралы ақпаратты теріске шығарды. Еске салайық, Ливия босқындардың ЕО-ға мүше елдерге ағылуының басты себепкері болып табылады. Босқындар туралы Халықаралық Ұйымның мәліметінше, осы жылдың 18 шілдесінде дейін теңіз арқылы ЕО елдеріне 51 мың, 782 босқын келген.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды