АҚШ-Ресей тараптарының таратқан ресми мәлімдемелерінде, Трамп пен Путиннің тарихи кездесуінде екі ел басшысы жасырын келісім жасаспағанын қайталай мәлімдеді. Бұндай мәліметті Ресейдің АҚШ-тағы елшісі жасаған ресми мәлімдемесінде атап өтті.
Ресейдің АҚШ-тағы өкілетті елшісі Анатолий Антонов баспасөз мәжілісін өткізіп, Финляндияның орталық қаласында өткен тарихи кездесу туралы ресми мәлімдеме жасады. Ол және АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин арасында ешбір жасырын келісім болмағанын қайталады.
Анатолий Антонов сөзінде: «Екі басшы арасында жасырын келісімнің болмағанын президент Путин өз аузымен айтып берді», – деді. Дегенмен, тәуелсіз ақпарат құралдары Трамп-Путин арасында қандайда бір жасырын келісімдер жасалған болуы мүмкін деп күмәнданады.
Ресейдің өкілетті елшісі осымен қатар Ресейді АҚШ-тың ішкі ісіне араласты деген айыптыда шетке қағып, әлі күнге дейін нақты дәлелдің табылмай отырғанын алға тартты.