НАТО елдері өткен жылмен салыстырғанда, қорғанысқа 33 млрд доллар артық қаржы жұмсамақ. Бұл туралы «france24.com/fr» агенттігі хабарлады.
11-13 шілде күндері Бельгия астанасы Брюссельде өтіп жатқан НАТО-ның саммитінде АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО-ға мүше 29 елдің тек 5-уі өз міндеттерін атқарады және қорғанысқа өздерінің ІЖӨ-нен 2% жұмсайды, ал АҚШ бәрінен де артық, яғни ЖІӨ-нен 4 % жұмсайды деген болатын. АҚШ басшысы келешекте НАТО-ға мүше барлық елдердің қорғаныс шығындары олардың ІЖӨ-нен 4%-ға дейін жетеді деп күтетінін де жасырмады. Ақпарат көздерінің мәліметінше, егер өзге мүше-елдер қорғаныс шығындарын арттырмаса, Трамп АҚШ-тың НАТО құрамынан шығатынын айтып, ескерту жасағанын жазуда. Осы орайда, НАТО саммитінің баспасөз отырысында бас хатшы Йенс Столтенберг Трамппен екіжақты әңгімеден кейін еуропалық одақтастар мен Канада қорғаныс саласына қосымша 14 млрд доллар шығаруға келісті деп мәлімдедеі. Оның айтуынша, Альянс мүшелері қорғанысқа жұмсалатын шығын көлемін арттыруға келіскен. «Бұл АҚШ-қа өздерінің шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Бүгін одақтастардың барлығы өздерінің үлестерін арттыруға келісті. Бұл — НАТО-ның әлеуетін бұрынғыдан да арттыра түседі», - деді Столтенберг. Солтүстікатлантикалық альянстың басшылары Македонияның да аталған ұйымға мүшелігі туралы келіссөздерді ашуға келісті. Осы жылдың қорытынды есебі бойынша, НАТО-ның ІЖӨ-нен 2 пайызын қорғанысқа жұмсайтын еуропалық мүшелері бұл көрсеткішті 7-ге жеткізуге міндеттелді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді