Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның инаугурациясына қатысты.

Премьер-министр баспасөз қызметінің мәліметінше, шілде айының 9-ы күні Бақытжан Сағынтаев Анкара қаласына ресми іссапармен барған. Онда ол жақында ғана сайлауда жеңіске жеткен Режеп Тайып Ердоғанның ұлықтау рәсіміне қатысқан.

Бұдан бөлек ол Түркия астанасында Қырғызтан президенті Сооронбай Жээнбеков пен Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесіп, келіссөздер жүргізген.

“The Qazaq Times”