2020 жылға қарай Еуропа Одағының сыртқы шекараларына он мың шекарашы орналастырылмақ. Бұл туралы Еуропалық комиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкер хабарлады, деп жазады "worldbulletin.net".
«Бұл Еуропа кеңесінің маңызды шешімі. Алғашқы уақытта 2027 жылға қатысты шешімдер қарастырылған, енді 2020 жыл үшін қарар бердік. Қазіргідей қиын шақтарда Еуропа одағына нақты шешімдер қабылдау керек болды», - деген Еурокомиссия басшысы.
Оның сөзінше, бұл шешім босқындар мәселесіне қатысты, әсіресе Солтүстік Африкада құру жағы ойластырылған босқындар орталығын бақылауға қатысты болмақ.
Еске салайық, ЕО саммитінде Германияның "Еуроодақ Африка елдерімен босқындар мәселесі туралы келісуі керек" деген ұстанымына қолдау көрсетілген еді. Сонымен қатар, Түркияның да босқындарды қабылдау туралы осындай келісімшарты қарастырылды. Ал, Мысыр елі мұндай орталықтың құрылуына бірден қарсылық білдірген. Соңғы айларда заңсыз босқындар мәселесі Еуроодақта көп дағдарыс туындатып жатқаны белгілі. Айта кету керек, Австрия мен Италия босқындарға қарсы бірден қарсы шыққан еді.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы