1-шілдеден бастап Австрияға Еуропа Одағы Кеңесіне төрағалық етуші мемлекет ретінде жауапкершілік жүктелді. Бұл туралы «lemonde.fr» басылымы хабарлайды.
Австрия төрағалығын білдіретін маңызды міндеттер ретінде — көші-қон және қауіпсіздік бойынша еуропалық бағдарламаны жүзеге асыру; экстремизм мен радикализммен күрес, ЕО-ның ғаламдық стратегиясын жүзеге асыру, көші-қонның салдарымен күресте Жерорта теңзі елдерімен бірігу және тб. болып табылады. Сонымен қатар, жастар мәселесі, жұмыс орындарын құру, әлеуметтік оқшаулану мен кедейшілікпен күрес те қолға алынбақ. Соның ішінде, Австрия үкіметі Еуропада бүгінде ушығып тұрған босқындар мәселесіне көп көңіл бөлетіндіктерін хабарлады.
Еске салайық, Еуропа Одағының заң шығарушы органдарының бірі ЕО Кеңесіне төрағалық етуге алты ай мерзімге оған мүше-елдер кезекпен ие бола алады. Осыдан бұрын Кеңеске төрағалық етуші ел Болгария болған еді.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі