Ресей президенті Владимир Путин Испания королымен телефон арқылы сөйлесті.
РИА Новости ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Владимир Путин әлем чемпионатының 1/8 финалы аясында кездескен Ресей және Испания ойынынан кейін Испания королы VI Филлиппен телефон арқылы сөйлескен. Онда ол Ресей құрамасының Испанияға қарсы өткізген ойында ұтымды тактика ұстанғандығын және Испания ойыншыларының жоғары деңгейде өнер көрсеткендігін айтқан.
Өз кезегінде Испания королы VI Филлип Владимир Путинді Ресей ұлттық құрамасының әлем чемпионатының ¼ финалына шығуымен құттықтап, Ресей құрамасына сәттілік тілеген.
Естеріңізге салайық, маусым айының 1-і күні әлем чемпионатының 1/8 финалы аясында Ресей құрамасы Испаниямен кездескен. Кездесу барысында қос құрама негізгі уақытта 1-1 есебімен тең түсіп, кездесу ойын соңындағы пенальти сериясына жалғасқан. Нәтижесінде Ресей құрамасы испаниялықтарды 4-3 есебімен тізе бүктіріп, әлем чемпионатының ¼ финалына жолдама алған.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды