Түркістан облысында Ұлттық Бірыңғай Тестілеу басталғалы бес күнде өңір оқушылары емтихан тапсырып, біліміне сай тиісті балл жинап жатыр. Тестілеудің бес күнгі қорытындысы бойынша – 20508 оқушы ҰБТ тапсырса, ең жоғары 138 балды 3 оқушы, 137 балды 5 оқушы, 136 балды 9 оқушы жинаған. Бұл туралы облыстық білім басқармасы мәлім етті деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Олардың айтуынша, 4843 түлек 100 балдан жоғары жинаған. Жалпы тестілеудің қорытындысымен облыстың орта балы – 79,4 балды құрап отыр.
Бұдан бөлек, ҰБТ ережесін бұзғаны үшін 4 оқушы аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижесі жойылды дейді ведомства өкілдіктері.
Тестілеуге кіргізу кезінде ҰБТ қағида талаптарының бұзылуы орын алған жоқ, барлық бітірушілер арнайы рамалы металіздегіштер арқылы өткізіліп, ұялы телефондары алынған.
Айта кетейік, облыс бойынша 2017-2018 оқу жылында 11 сыныпты 33765 оқушы бітірсе, оның ішінде 22417-сі ҰБТ тапсыруға өтініш берген.
26-маусым күні 2 ауданда 48 мектептен 1317 бітіруші ҰБТ тапсыратын болады. Олар: Мақтарал, Сарыағаш аудандары.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді