Молдова президенті Игорь Додон АҚШ-қа барудан бас тартты – деп хабарлайды Oxu.az ақпарат көзі.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Игорь Додон шілде айының 1-і күніне жоспарланған АҚШ-қа сапарын елдегі тұрақсыздықтарға байланысты кейінге қалдырған. Аталмыш мәселеге байланысты Додон өзінің Facebook парақшасына: «Мен өзімнің АҚШ-қа сапарымды кейінге қалдырғаным жөнінде Ақ үй өкілдерін ескерттім» - деп жазған.
Естеріңізге салайық, маусым айының 22-і күні БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Молованың Приднестровья аумағынан Ресей армиясын шығару жөнінде қарар қабылдаған. Құжат Молдова үкіметінің ұсынысы бойынша қаралған. Бірақ аталмыш құжаттың қабылдануына Игорь Додон келісім бермеген.