Йеменде қолына қару алып, соғыс өртінде жүрген балалар саны артуда. Елдегі соғыс жағдайы туралы хабар таратқан ақпарат көздері, балалар жағдайының тым ауыр екенін көптеп айтуда. Соңғы деректерге қарағанда Йемендегі Хусит күштерінің қатарында 20 мыңнан астам бала соғысқа қатысуда. Бұл туралы Йеменнің ресми ақпарат агенттіктері хабарлады.
Йеменде азаматтық соғыс басталған 3 жылдан бері 2 миллионнан астам азамат жасына толмаған жасөспірім жұмысшылар қатарына тартылған. Бұл туралы мәліметті елдің Әлеуметтік істер және еңбек министрлігінің ресми мәлімдемесінде белгілі болды.
Бұған қоса, Йемен билігі Хусит күштерінің 2372 мектепті қиратты деп айыптайды. Елде және 1500-ден астам оқу орындары түрме немесе әскери тұрақ ретінде пайдаланылып отыр. Соның нәтижесінде 4,5 миллионға жуық бала білім алу құқығынан айырылған.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды