Еліміздің Бас прокуратурасы қашқын банкир Мұхтар Әбілязов құрған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты эктремистік ұйымның әккі әрекеттерін әшкере қылды. Құзырлы орын өкілдері қалталы кәсіпкер қазақстандықтарды 23 маусым күні жаппай митинг ұйымдастыруға шақыру үшін арнайы ролик түсіргенін айтады. Ал аталған бейнежазбаға Киевтегі кәсіби актерлар түскені мәлім болған.
Мұхтар Әбілязов ел ішіне іріткі салатын роликті түсіру үшін Украинадағы жарнама агенттігінің қызметкерлерін жалдапты. Одан бөлек, жоғарғы білімі бар актерларды жұмылдырған. Қазақстанның Бас прокуратурасы Әбілязовтың арандатушылық пиғылда ұйымдастырғалы жатқан кез келген шараларына отандастарымызды қатыспауға шақырды. Өйткені, елімізде эктремистік ұйым деп танылған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» партиясының кез келген әрекетіне Қазақстанда шектеу қойылған. Аталған партияны жақтап, олардың позициясын құп көргендер қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ. Бас прокуратура осы жайтты қаперге алып, тұрғындарға сақ болуды ескертеді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті