Еуропарламент депутаттары 14 маусым күні Ресейде ашылатын футболдан Әлем Чемпионатына байкот жасайтындықтары туралы мәлімдеді. Бұл туралы «france24.com/fr» агенттігі хабарлайды.
«Еуропа парламенті Ресейдегі адам құқықтары туралы қарарнамаға сәйкес, Әлем Чемпионатына байкот туралы мәлімдеме дайындауда», - делінген хабарламада. Бұған дейін де Еуропарламенттегі неміс депутаты, Шығыс Еуропа мәселелері жөніндегі маман Ребекка Хармс еуропалық елдерді Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатына бармауға үндеген еді. Оның бұл бастамасын ЕО-қа мүше 16 елдің 60 депутаты мен Еуропалық ұлттық партияның ірі фракциялары қолдаған еді. Мәселен, Австралияның арнайы делегациясы РФ-на бармайды, спортшыларға мемлекеттің атынан тек елші ғана қолдау көрсетуге барады. Сонымен қатар, Польша және Финляндия президенттері де Әлем Чемпионатының ашылу салтанатына қатыспайды.
Human Rights Watch ұйымының директоры футболдан әлем чемпионатын өткізу арқылы Ресей құрметке қол жеткізіп, дүниежүзі халықтарының жағымды көзқарасына ие болмақ. Алайда, аталған матчты көруге асыққан миллиондаған адамның тілегіне қарамастан, Сүриялағы бейбіт тұрғындардың көріп жатқан азаптары да ұмытылмау керек, деп жазды. Әлем елдерінің осындай байкот жариялау шешімдеріне "Путиннің ресейлік және сүриялық әскерлердің Сүриядағы әрекеттерін тоқтатуы үшін ешқандай шара қолданбауы" себеп болуда. Бұл еуропалық депутаттар мен саясаткерлердің пікірлері.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі