Елімізде келесі жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлерге жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілмек. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді.

Алик Шпекбаев. Фото: kyzmet.gov.kz
"Бүгінде біз еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін апробациялап жатырмыз. Факторлық-балдық шкала негізіндегі бұл жүйе пилоттық органдардағы лауазымдық жалақыны екі есеге дейін көбейтуге мүмкіндік береді. Келесі жылы біздің бастамамыз, яғни пилоттық жобамыз аяқталады. Сәйкесінше, Қазақстанның барлық мемлекеттік қызметшілерінің жалақысы көбейеді", - деді Алик Шпекбаев.
Агенттік төрағасы егер мемлекеттік қызметкерлердің айлық ақысы көбейсе, онда пара алу деректері де күрт қысқарар еді дейді. Одан бөлек, келесі жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің баспаналы болуына да жіті мән берілмек. Оларға жеңілдетілген шарттар ұсынылады.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті