2-3 маусым күндері, Қытай астанасы Бейжіңдегі «Дяо-уйтай» мемлекеттік қонақ үйінде, Қытай вице-перемьері Лю Хы бастаған үкімет лауазымдылары мен сауда өкілдері АҚШ Сауда министрі Росс бастап келген делегациямен келіссөз жүргізді. Кезекті келіссөзде сауда соғысының шекарасында тұрған АҚШ-Қытай арасындағы сауда қайшылығын жеңілдету мәселелері талқыланды. Ол және Уашингтонда өткен АҚШ-Қытай сада келіссөзінің жалғасы болды. Бұл туралы екі елдің ықпалды ақпарат медиалары хабар таратты.

3 маусым күні Қытай лауазымдыларының «Шинхуа» агенттігі арқылы таратқан қысқаша мәлімдемесінде: «Тараптар «Уашингтон ортақ танымын» жүзеге асыру мақсатында, екі ел арасында жақсы қарым-қатынас орнатып, ауыл шараушылығы, энергетика қатарлы көптеген салаларда оң және нақты нәтижелерге қол жеткізді», – деген. Сонымен бірге: «Егер АҚШ тарабы тарифтерді көбейтуді қамтыған санкциялар шарасын енгізетін болса, онда екі елдің сауда келіссөзі нәтиже бермейді», – деді.

АҚШ сауда министрі Росс Бейжіңге келерден бір күн бұрын, Қытай қаржы министрінің орынбасары Жу Гуаңяо қызметінен босатылып, Қытай Қаржы департаментінің директоры әрі Лю Хының оң қолы болып жаңа міндетке отырды. Жу Гуаңяо Қытай мен АҚШ-тың экономикалық диалогына соңғы жылдары бірнеше рет қатысқан. Сондай-ақ, Қытай-АҚШ сауда келіссөздерінің алғашқы екі турының негізгі өкілі.

Жу Гуаңяо бұрынғы қызметінен босатылудан бірнеше сағат бұрын, үкіметтің бір реткі ресми баспасөз конференциясын басқарып, Қытай-АҚШ арасындағы сауда мәселелеріне қатысты мәлімдеме жасаған. Ол мәлімдемесінде, Бейжің тарабының жақында бірқатар импорттық тарифтерді қысқарту туралы мәлімдемесі Қытайдың өз бастамасы екенін, бұл АҚШ-тың қысымының нәтижесі еместігін атап өткен.

Қытай тарабы мәлімдемесінде, Бейжің билігі Қытай халқының өмір сүру сапасын жақсартуға және жоғары сапалы экономикалық даму талаптарына сай келетін қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қытаймен қоса, әлемнің барлық елдерінен, соның ішінде АҚШ-тан импортты ұлғайтуға дайын ненін білдіргендей болды.

Қытай өзінің ұлттық стратегиясы ішкі сұранысты реформалау, ашу және кеңейту екенін растады. 2000 жылдардың орта шеніннен басталған Қытайдың экономикалық дамуы ірі экономикаға ие елдермен болған байланыстарды кеңейтіп дамытудан қол үзіп көрген жоқ. Қытай өзінің дамуына АҚШ-тың қаншалықты маңызды рөл атқаратынын анық біледі. Кезекті ішкі сұранысты реформалау деп отырғаны тәуелділіктен арылғанша, АҚШ-пен келіссөзді, келісімді жалғастыруды көздейтінін аңғартады.

“The Qazaq Times”