АҚШ пен Қытай сауда келіссөзіне берілген шектеулі мерзім аяқталуға жақын қалды. Аргентинада АҚШ пен Қытай басшысы арасындағы кездесуде сауда келісіміне 90 күн уақыт беруге келіскен. 1 наурызға дейін келісімге келе алмаса, Құрама Штат бастап бір-бірінің тауарларына тарифтерді көтермек.

Бұған дейін екі ел арасындағы келіссөздің бірнеше раундты өтті. Кеше АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеме жасап, АҚШ-Қытай сауда келіссөзінің біртіндеп дамып келе жатқанын айтты. Ол және осы аптада Құрама штат тарабы Бейжіңге келіссөз өкілдерін жіберіп жатқанын да мәлімдеді.

Осыдан бұрын жарияланған сауда келіссөзінің кестесіне сәйкес, АҚШ сауда өкілі мен қаржы министрі Қытайдың вице-премьері бүгін кездескен. Бейжіңдегі сөйлесулер 14-15 ақпан күндері өтеді деп жоспарланған.

Бейжіңге жеткен АҚШ келіссөз өкілдері Қытайдың бірнеше министрлігімен кездесу өткізетін болады. Президент Трамптың журналистерге берген жауабында, Құрама Штат өзінің үш негізгі талабын қатаң сақтайды. Қытайдан зияткерлік меншік құқығының қорғалуын, шетелдік компанияларға ортақ мәміле жаратуын, технологияларды мәжбүрлі өткеріп беру талабын жою сынды талаптары орындалғанда ғана келісімге келетінін айтқан.

“The Qazaq Times”