Осы аптада Мажарстан (Венгрия) үкіметі сүриялық босқындарға қолдау көрсеткен адам құқықтарын қорғау ұйымдарына қарата заң жобасын жасап, парламенттің бекітуіне ұсынды. Бұл заң жобасы қабылданса Мажарстанға заңсыз келген босқындарға көмек көрсеткен ұйымдар жауапқа тартылатын болады. Бұл туралы BBC ресми сайты хабарлады.
Мажарстанның президенті Виктор Орбан заңсыз жолмен келген босқындарға қарсы күресті осыдан үш жыл бұрын бастады. Тіпті, ел халқына «Мажарстанға заңсыз енетін мигранттарды тоқтатамын» деген уәдесін де берді. Аталған жаңа заң жобасы бойынша, адам құқықтары жөніндегі ұйымдар заңсыз келген босқындарға кеңес беру, мәлімет парақшаларын тарату, азық-түлік жеткізу секілді әрекеттерінің бәрі де заңдық жауапкершілік шеңберінде.
Дегенмен, қазіргі кезде Еуропадан өз отанына кеткісі келетін Сүриялық босқындар да көбейген. Айталық, Германияға еріксіз босып келген Сүрия азаматы Закария өз отанына қарай жолға шықты. Қазір әлемнің ықпалды ақпарат медиаларды Сүрияға қарай жол тартқан босқындар туралы көптеп хабар таратуда.