Солтүстік Корея түрмелерінде 120 мыңға жуық саяси тұтқын болуы мүмкін.
Мамыр айының 29-ы күні АҚШ Мемлекеттік департаменті «әлемдегі діни сенім-наным бостандығы» баяндамасын жариялады. Баяндамаға сәйкес, қазіргі таңда Солтүстік Корея түрмелерінде өзінің саяси, діни, азаматтық көзқарасы үшін 120 мың адам жазықсыз жазасын өтеуде.
АҚШ-тың діни сенім-наным бостандығы мәселелері бойынша арнайы өкілі Сэм Браунбэктың сөзінше, алда келе жатқан Ақ үй басшысы Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Унның кездесуінде аталмыш мәселе айтылатын болады. Себебі Солтүстік Корея түрмелері осы уақытқа дейін "ГУЛАГ" жүйесі бойынша жұмыс істеп келген және осы ісі үшін «әлемдегі аса қауіпті елдердің» тізіміне енгізілген.