Франция президенті Макронның реформаларына қарсылық білдірушілердің көтерілісі әлі жалғасуда. 80 одақ тарапынан қолдау алған көтерілісшілерге полицейлер қатал шара қолданып, 26 адам қамауға алынды. Бұл туралы "france24.com" агенттігі хабарлауда.
Бір ғана Парижде 40 мың адам көтеріліске шыққан. Ал, жалпы көтеріліске шығушыларды саны Францияда 250 мың адамға жетіп отыр. Президент Макронның қарсыластары экономиканың құлдырауына байланысты қарсылық әрекеттерін жалғастыра беретіндіктерін жариялады.Әрі бұған, бүкіл халық болып қолдау көрсетуде.
Естеріңізге салайық, 22 мамыр күні Францияның барлық аймағында мемлекеттік қызметкерлердің, теміржолшылардың және әуежайлар қызметкерлерінің жаппай шеруі өткен еді. Ереуіл мен қарсылық науқандары президент Эммануэль Макронның реформасына қарсылық ретінде ұйымдастырылды. Бұған дейін Макрон, SNCF Ұлттық теміржол компаниясы қызметкерлеріне арналған жеңілдіктер мен арнайы мәртебесін жою, сонымен қатар 120 мың мемлекеттік қызметкерді жұмыстан қысқарту арқылы реформа жасайтынын хабарлаған еді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел