АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО бас хатшысы Столтенбергпен Ақ үйде өткен кездесуінен кейін, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Трамп бұл кездесумен қатар өтіп жатқан АҚШ-Қытай арасындағы сауда келіссөздерінің екінші кезеңі туралы пікір білдірді. Ол Қытаймен сауда келісімінен табысты нәтиже күте алмайтынын қайталады. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлаған болатын.
Трамп сөзінде: «Келіссөз сәтті болатына сене алмаймын. Себебі, Қытай көп еркелеп кетті. Еуропа Одағы да, өзгелер де қатты еркелеп кеткен. АҚШ-тан не сұраса соны алады. Бірақ, бұлай жалғастыруға рұқсат бере алмаймыз», – деді.
Трамп бұл сөздерінің арасында Жапония мен Оңтүстік Кореяны да атап өтті. Келісімдердің бәрі АҚШ-қа тиімсіз жағдайда жасалып келгенін алға тартты. Сондай-ақ, Қытайдың көптен бері Құрама Штатты алдап келгенін баса айтты. Ол: «Бірақ, бұл туралы Қытайды айыптамаймын, АҚШ-тың бұрынғы үкіметтері кінәлі»,– деді.
Айта кетейік, бейсенбі күні басталған АҚШ-Қытай сауда келіссөзі нәтижесіз аяқталып, жұма күні екінші айналымын бастаған болатын.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер