Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «Біріккен Ұлттар Ұйымының шаңырағы ортасына түсті» - деп мәлімдеді.
Anadolu ақпарат агенттігінің мәлімметінше, мамыр айының 17-і күні Режеп Тайып Ердоған Палистинада болып жатқан жағдайларға байланысты мәлімдеме жасаған. Онда ол: «Егер Израиль озбырлығына өз уақытында жауап бермесек, әлем хаостық деңгейге түсіп, жер шарын баскесерлер билейтін болады. БҰҰ шаршаған, ескірген, шаңырағы ортасына түскен ұйым. Біз БҰҰ-ның бас хатшысына жете алмадық. Ұйым әлемдік мәселелерді шешуге қауқарсыз екендігін көрсетті. Бірақ біз Иерусалимді Израильдің отарлауына жол бермейміз. Түркия Изариль армиясының озбырлығынан зардап шеккен палистиналықтарға көмектесетін болады. Біз Иерусалим қаласының статусын өзгертуге қарсымыз» - деген.
“The Qazaq Times”