АҚШ Мемлекеттік департаментінің екі күн бұрынғы мәлімдемесінде, Солтүстік Кореяның адам құқықтары туралы баяндамаларын сынға алып, Ким режимін «Әлемдегі ең жиренішті және қанаушы режимнің бірі» деп бағалады. Бұл туралы VOA NEWS ақпараттық агенттігі өз сайтында жазды.

Бұндай айыптаудың маңызды әрі салмақты болатыны, жақын арада Құрама Штат президенті мен Солтүстік Корея басшысы арасында кездесу болмақ. Оған қоса, Солтүстік Корея басшысы өзін әлемге бейбітшілікті жақтаушы лидер қатарында танытып жатқан кезде жасалған ескерту мен айыптау болып отыр.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Нольте мәлімдемесінде: «60 жылдан астам уақыттан бері, Солтүстік Корея халқы әрдайым өз өмірін адам құқықтары тапталған ауыр жағдайда өткізіп келеді», – деді.

АҚШ президенті Трамп пен КХДР ең жоғары басшысы Ким Жоң Ун алдағы аптада көптен күтілген тарихи кездесуге дайындалуда. Осы тұста, Солтүстік Кореяға бағытталған ескерту кездесу нәтижесіне ықпал етеді деген алаңдаушылықтар да айтылуда.

“The Qazaq Times”