АҚШ 2004 жылдан 2020 жылға дейін Украинаға ескірген қару-жарақ қорларын жоюға және соғыс аймақтарын оқ-дәрілерден тазартуға 68,114 миллион доллар бөлген. Мұндай мәліметтер мемлекеттік Департаменттің ескі қаруларды жоюға қатысуы туралы жыл сайынғы есебінде келтірілген.

КСРО ыдырағаннан кейін Украинада қалған арсенал қару-жарақтарының көпшілігі ескірген және қолдануға жарамсыз. Олар ұлттық, аймақтық және жаһандық деңгейде қауіп төндіреді. Сонымен қатар, Украинаның шығысындағы демаркация сызығындағы миналар мен жарылмаған оқ-дәрілер қақтығыс аймағында тұратын украиндер үшін қауіпті.

Баяндама өзге де посткеңестік елдерге қатысты. Мәселен, Грузия 1998 жылдан 2020 жылға дейін ескірген қару-жарақты минадан тазарту және жою үшін АҚШ-тан 40,845 миллион доллар алған. Ал Тәжікстан 2005-2020 жылдары 29,172 миллион доллар алған. Қырғызстанға 2009-2020 жылдары 3,292 млн доллар бөлінді.

1993 жылдан бастап АҚШ әдеттегі қару-жарақ пен жарылғыш заттардан болатын қауіпті азайту үшін 100-ден астам елге 4 миллиард доллардан астам қаражат бөлгенін атап өтті Мемлекеттік департамент.

"The Qazaq Times"