Қазақстан қарулы күштері мамыр айының 7-і күні өзінің бар күш-қуатын көрсетпек.

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Жамбыл облысындағы Отар сынақ алаңында 3 мыңнан астам сарбаз бен 300-ге журық әскери техниканың қатысуымен әскери парад өтпек. Бұған дәл осындай әскери парад 2013 жылдың 7 мамырында өткен. Бірақ соңғы бес жылда Қазақстан армиясы өзінің күш-қуатын арттырған.

Фото: theopenasia.net

2015 жылмен салыстырғанда биылғы парадқа 4++ санатындағы Су-30СМ бомбалаушы ұшағы, модернизациядан өткізілген Су-25УБМ шабуылдаушы ұшағы, Ми-17, UH-1, ЕС-145 тік ұшақтары, танктерге көмек көрсететін «Терминатор» соғыс машинасы мен Т-72 танкілері қатыстырылмақ. Бұдан бөлек 2018 жылғы әскери шеруде 22 мм ЗПУ-2 зениттік құрылғысы, 122,4  калибрлы «Прима» реактивті зымырандар құрылғысы, 152 мм МСТА зекбіректері және калибры 300 мм 9К58 «Смерч» реактивті зымырандар құрылғылғысы дайындықтарын пысықтайды.

Фото: theopenasia.net

Фото: theopenasia.net

Фото: theopenasia.net

Фото: theopenasia.net

Фото: theopenasia.net

Фото: theopenasia.net

“The Qazaq Times”