Пентагон басшысы Жемис Меттис кешегі мәлімдемесінде, қазірге дейін АҚШ тарабы 2015 жылғы Иран ядролық келісімінде қалу-қалмау туралы шешім қабылдамағанын, дегенмен Құрама Штат еуропалық одақтастарымен бұл турасында келіссөздер жүргізіп, келісімді жетілдірудің жолдарын қарастырып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы VOA басылымы хабарлады.
АҚШ Қорғаныс министрлі сөзінде: «Қазіргі уақытта келісімде қалып, жалғасты қолдау көрсету мен өзгерістер енгізу немесе президент айтқандай келісімнен бас тарту туралы соңғы шешім қабылданған жоқ. АҚШ үшін Иран ядролық келісімі – тек қана қару-жарақты бақылаудың кемелсіз бір келісімі», – деді.
Франция президенті Эммануэль Макрон осы аптада Құрама Штатта мемлекеттік сапарда болды. Ол сәрсенбі күні АҚШ-та жасаған баяндамасында, президент Трамптың Иран ядролық келісіміне қатысты көзқарасына сын-пікірін білдірген. Ол сөзінде: «Біз Құрама Штаттың қандай қадам жасайтынын білмейміз, бірақ президент Трамптың сөздерін талдай келе, мен АҚШ-тың Иран ядролық келісімін сақтайтынына сене алмадым», – деді.
Иран ядролық келісімінде қалу, әлде санкцияларды қалпына келтіру шешімін қабылдау үшін Трампта 12 мамырға дейін уақыт бар. 2015 жылы Иранға бағытталған санкциялар 6 ел қол қойған келісімнен кейін уақытша тоқтатылған болатын.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы