Тәжікстан Жазушылар одағы комиссиясы шығармашылық одаққа мүше 400 адамды сараптаудан өткізіп, 40 жазушыны мүшеліктен шығарды.
Комиссия мүшелері тексеру қорытындысы бойынша арнайы баяндама жасаған. Онда Баяндама авторлары Жазушылар одағы 2010 және 2015 жылдар аралығында әдебиетшілерге арналған комедияны еске түсіреді, кейбірі тіптен жеке өмірбаянын дұрыс жаза алмайды деп атап өткен.
"Жазушылар одағына мүшелікке қабылдау кезінде, одақ жарғысындағы талаптар сақталмаған. Одаққа мүше кейбір адамдардың көркем әдебиетке ешқандай қатысы болмаған. Тарих, медицина, саясаттану тақырыбында жазылған шағын кітапшаның авторлары да Жазушылар одағына мүше болып кеткен",- деп жазады баяндама авторлары.
"Тазалау" жұмыстары 2015 жылдың маусым айында төрағалыққа танымал ақын Низом Косимнің келуімен басталған. Ол 2016 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылдауға мораторий жариялаған.
Жазушылар одағы мүшелігінен шығып қалған 40 жазушының бірі Гули Зард абыройын сақтау үшін сотқа беруге ниетті екенін мәлімдеді. Ол Жазушылар одағынан моральдық өтемақы ретінде 150 мың сомони (17 мың АҚШ доллары шамасында) талап етпекші.
Естеріңізге салайық, 12 наурыз күні Қазақстан Жазушылар одағында да дау болған. Алматы қаласында өткен ХV құрылтайында Жазушылар одағын 22 жыл басқарған Нұрлан Оразалин үлкен даумен кетіп, оның орнына ақын Ұлықбек Есдәулет келген. Жаңа төрағаны одаққа мүше 700-ден астам ақын-жазушылардың арасынан дауыс беруге іріктеліп алынған 151 адамның барлығы қолдаған.