Біз Сүриядағы жағдайды тексеріп, сараптап жатырмыз – деп мәлімдеді Ақ үй баспасөз қызметі.
Сүрия мәселесіне байланысты журналистер алдында жауап берген Ақ үй баспасөз хатшысы Сара Хакаби Сандерс: «Президент Трамп өзінің ұлттық қауіпсіздікке байланысты кеңесшілерімен Сүрия мәселесін талқылады. Біз Сүриядағы жағдайды сараптауымызды жалғастырамыз. Бүгін кешке президент Трамп Франция басшысы Макрон мен Ұлыбритания премьері Тереза Мэймен сөйлеседі» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін АҚШ перезиденті Дональд Трамп ресми Дамаскке химиялық қару қолданғаны үшін әскери күш көрсететіндігін мәлімдеген. Кейінен ол сәуір айының 11-і күні өзінің «Twitter» парақшасына «Сүрия аумағындағы Ресей әскеріне зымыран шабуылына дайындалған дұрыс» - деп жазған.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды