«Башар Асад режимі мен Иранның қолдауына ие шетелдік террористер тобы АҚШ тарапынан жасалуы мүмкін шабуылға байланысты Шам мен Хамастағы әскери базаларын тастап кетуде. Әскери жабдықтар әуежайларға жеткізіліп, зымыран рампалары мен оқ-дәрілер Ливан шекарасындағы ауылдық жерлерге апарылуда" , - деп хабарлайды «internethaber.com» ақпарат агенттігі.

Асад режимі Шамның шет аймақтары мен Хамаста орналасқан әскери базалардағы соғыс жабдықтары мен құрылғыларының орнын ауыстыруда. Шамның солтүстік-шығысындағы Каламан аймағында орналасқан Думеир және әс-Син базаларындағы Иранның қолдауына ие шетелдік террористер, Ливан шекарасына қарай бет алған. Осы базалардағы әскери жабдықтардың бір бөлігі Шамдағы азаматтық әуежайларға жөнелтіліп, зымыран рампалары мен оқ-дәрілердің жарылу қаупі болғандықтан, ауылдық аймақтарға таратылуда.

АҚШ пен оның одақтастары тарапынан болуы мүмкін әскери қимылдарға қарсы әскери базаларындағы ұшақтарын қорғауға тырысқан Асад режимі, IL-76 және SU үлгідеі ұшақтарын Латакияда Ресей тарапынан пайдаланылған Хмеймим базасы мен Хама әскери әуежайларына жібергені мәлім болды.

“The Qazaq Times”