Сот Саят Ыбырайды мерзімінен бұрын босатты.
Сәуір айының 11-і күні Өскемен қаласында орналасқан Шығыс Қазақстан облыстық соты Семей қалалық сотының шешімін бұлып, 12 жылға сотталған ғалым Саят Ыбырайдың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырған. Сот шешімі жарияланған күнен бастап күшіне енген. Саят Ыбырайдың адвокаты Абзал Құспанның сөзінше, оны түрмеден бүгін шығарып үлгермейді. Сол себепті Саят Ыбырай бостандыққа ертең шығарылмақ.
Саят Ыбарай 2010 жылы қамауға алынып, 2011 жылы «сопылар ісі» бойынша «қылмыстық топ құрды» деген айыппен 12 жылға сотталған. Бұған дейін бірнеше рет қазақстандық ғалымдар мен қоғам қайраткерлері президенттің атына Саят Ыбырайды босатуды сұрап хат жазған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?