Ақ үйдің бір күн бұрынғы мәлімдемесінде, Сүриядағы Дума ауданында жасалған химиялық шабуылға, Ресейдің де кінәлі екенін айтты. АҚШ тарабы Башар Асад режимінің химиялық шабуылына қолдау берген Ресей мен Иранды айыптады. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Ақ үй мәлімдемешісі Сара Сандерс сөзінде: «Ресей химиялық қаруды таратпау келісіміне сатқындық жасады», – деді. Ол Думадағы химиялық шабуылдың Сүрия режимі осыған дейінгі шабуылда қолданған қарулармен жасалғанын айта келіп: «Бұл химиялық шабуылға басты жауапкершілік етуші Башар Асад үкіметі болатынын түсіндіреді», – деді.
Сандерс осыған дейін Ресейдің Сүрия режиміндегі химиялық қарудың жойылуына кепіл болып келгенін, шын мәнісінде бұл кепілдік пен уәденің жүзеге аспағанын атап өтті. Әрі осы үшін Ресей мен Сүрия үкіметі жазалануы керек деген пікірін білдірген. Ақ үй тарабы Сүрия мен Ресей күштері шабуыл жасаған аймақтардағы тұрғындардың медициналық және әлеуметтік көмегі халықаралық бақылауға алынуы керек деп қарайды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?