АҚШ президенті Дональд Трамп «Демократтар маған команда жасақтауға кедергі жасап отыр» – деп мәлімдеді.
Доланьд Трамп өзінің Twitter парақшасына: «Мен ұсынған кандидаттардың 38 пайызы демократтар тарапынан жасалған кедергіге байланысты қызметке қабылданбады. Дәл осылай кете берсе менің команда жинауыма 7 жыл уақыт өтеді. Бұндай жағдай бұрын соңды болмаған» - деген.
Естеріңізге салайық, Дональд Трамп 2017 жылдың қаңтар айында АҚШ президенті болып сайланған. Ол сол уақыттан бері мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонды, Федералдық барлау басқармасының директоры Жеймс Коми мен оның орынбасары Эндрю Маккейбты қызметінен босатқан. Көптеген сарапшылар АҚШ президентінің бұл ісіне «Трамп Ақ үй маңайына өз командасын жинап жатыр» - деген баға берген.