Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «Израиль террорист және жаулап алушы» - деп мәлімдеді.
Адана қаласында аймақтық конгресс отырысында сөз сөйлеген Режеп Тайып Ердоған Израильге қатысты мәлімдеме жасаған. Онда ол: «Израиль палистиналықтарға қарсы адам төзгісіз саясат жүргізіп отыр. Біз жаулап алушы емеспіз. Израиль сен террорист және жаулап алушысың. Тарих сендердің Палистина халқына жасаған қианаттарыңа куә. Палистина халқы бұны еш уақытта ұмытпайды. Мен Израиль халқы премьер-министр Нетаньяхудың істеп отырған ісіне алаңдаушылық білдіреді деп сенемін. Саған (Нетаньяхуды меңзеп) біздің Африндегі операциямыз жөнінде сөз қозғаудың қажеті жоқ. Шектен шықпа! Біз өзімізбен бірге тек бейбітшілік, мәдениет, махаббат және тыныштық алып келеміз» - деген.
Естеріңізге салайық, 30 наурыз күні Израиль мен Газа секторы шекарасында палистиналықтар мен Израиль армиясы арасында қақтығыс болған. Салдарынан 14 палистиналық көз жұмып, 1200-ге жуығы жарақат алған. Аталмыш оқиғадан кейін Палистина Ұлттық әкімшілігінің басшысы Махмуд Аббас 31 наурызды «қаралы күн» деп жариялаған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?