Газа секторының шекарасында 14 адам көз жұмды – деп хабарлайды korrespondent.net ақпарат көзі.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, наурыз айының 30-ы күні Газа секторы мен Израиль арасындағы шекарада палистиналықтар мен Изрияль армиясы арасында қақтығыс болған. Салдарынан 14 палистиналық көз жұмып, 1200-ге жуығы жарақат алған. Аталмыш оқиғадан кейін Палистина ұлттық әкімшілігінің басшысы Махмуд Аббас 31 наурызды «қаралы күн» деп жариялаған.
Газа секторын ұзақ жылдар бойы өз бақылауында ұстап тұрған ХАМАС қозғалысының ұйымдастыруымен өткен «басып алушыларға қарсы» шеруге 30 мың адам қатысқан. Жалпы, Палистинада 30 наурыз жер «қорғау күні» деп бекітілген.