"Сауд Арабиясының АҚШ-тағы елшісі ханзада Халид бин Сельман бин Әбдүләзиз хуситтер тарапынан Сауд Арабиясына баллистикалық зымыран шабуылы жасалғаннан кейін Иран режиміне қатысты мәлімдеме берді", - деп хабарлайды "yeniakit.com" ақпараттық сайты.
Ол, өзінің "twitter" әлеуметтік желісіндегі парақшасында: "Иран режимі халықаралық заңдарды аяқ асты етуін қояр емес. Сүрия, Ирак, Ливан, Бахрейн және Йемен әлі күнге дейін терроризмге қолдау көрсетуде. Олар БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне қол сілтеп қарайды. Шииттік хусит жасақтарына зымыран береді" , - деп жазған.
Араб Одағының өкілі Турки әл-Малки де: "Ираннан қолдау тауып отырған шииттік хуситтер тобының осы шабуыл әрекеттері Иран режимінің қарулы топқа әскери мүмкіндіктері арқылы қолдау көрсетіп отырғандығының дәлелі" , - деп мәлімдеме жасады.
Естеріңізге сала кетсек, екі күн бұрын Йеменнен Сауд Арабия астанасы әр-Риядқа баллистикалық зымыран шабуылы жасалып, оқиға салдарынан 1 адам қаза тауып, 2 адам жарақаттанған еді. Бірақ артынша Сауд Арабия күштері Әр-Риядқа бағытталған 7 баллистикалық зымыранды жойған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді