Қазақстанда халық көп жиналатын 110 мыңнан астам ғимаратқа өрт қауіпсіздігіне байланысты тексеру жұмыстары жүргізілмеген.
Бүгін мәжіліс отырысында сөз сөйлеген Ақ жол партиясының депутаты Азат Перуашев Ресейдің Кемерово қаласында болған өрттен кейін Қазақстандағы халық көп жиналатын орындарға байланысты мәлімдеме жасады. Онда ол: «Осыдан екі жыл бұрын «Ақ жол» фракциясының депутаттары Ішкі істер министрлігіне биік ғимараттардағы өрт қауіпсіздігінің сақталмайтындығын айтып, депутаттық сауал жолдаған. ІІМ біздің сауалымыз бен келісетіндігін сол уақытта 140 мың ғимараттың 29-ы тексеруден өткендігін мәлімдеген. Бір сөзбен айтқанда 110 мың ғимарат өрт қауіпсіздігіне мүлде тексерілмеген. Біздің депуттатық сауалымыздан кейін екі аптадан соң 2016 жылдың 6 қарашасында «Almaty Town» батут орталығында өрт болып, 6 студент бала көз жұмды» - деген.
Естеріңізге салайық, 25 наурыз күні Ресейдің Кемерово қаласында «Зимняя вишня» сауда орталығы өртке оранып, 64 адам көз жұмған. Кейіннен бұл оқиға әлеуметтік желілер мен белсенді азаматтар арасында қызу талқыланып, «біздегі сауда орталықтарындағы өрт қауіпсіздігі қандай жағдайда?» - деген сұраққа жауап іздей бастаған.