Бүгін Ашхабад қаласында Құрбанғұлы Бердімұхамедов пен Иран басшысы Хасан Рухани кездеседі – деп хабарлайды  Түркіменстан президентінің баспасөз қызметі.

Иран президенті Хасан Рухани бүгін Ашхабад қаласына ресми іс-сапармен келген. Ол іс-сапар барысында Түркіменстан басшысы Құрбанғұлы Бердімұхамедовпен кездесіп, екі жақтық қарым-қатынасты дамыту, халықаралық және аймақтық мәселелерді талқылайды деп күтілуде. Бірақ сарапшылар пікірінше, Хасан Руханидің бұл жолғы сапары негізінен Түркіменстан мен Иран арасындағы газ дауына арналады және осы бағытта бір қатар құжаттарға қол қойылады.

Естеріңізге салайық, бұған дейін 2017 жылдың желтоқсан айында Иран тарапы Түркіменстанды газ дауына байланысты халықаралық сотқа беретінін мәлімдеген. Ал ресми Ашхабад Теһранның бұл шешімін қолдайтынын айтқан. Екі ел арасындағы газ дауы Иранның Түркіменстан алдындағы қарызын өтемеуінен басталған.

“The Qazaq Times”