Күні кеше Сауд Арабия ханзадасы Мұхаммед Бин Селман Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен болатын. Кездесу барысында Трамп Сауд Арабиясына қару сату ісінің АҚШ азаматтары үшін қаншалықты пайдалы болатындығы мен оның қаншалықты үлкен мүмкіндіктер тудыратындығы туралы деректер келтірілген көлемді сурет көрсетті. Неге екені белгісіз, Трамп картиналарды көрсетіп жатқанда ханзада Селманның түрі бұзылып кетті. Мұндай сәтті көзден таса қылмайтын қырағы сарапшылар мен саясаткерлер ханзада Селманның бұл күйін АҚШ президентінің мұндай құпия толы ақпаратпен бөлісетінін күтпегенімен байланыстыруда.
Аталған кездесуде Трамп әр-Рияд үкіметінің АҚШ-тан алатын құны 12 млрд. доллар тұратын қару-жарақ пен олардың АҚШ-қа тигізетін пайдасы туралы кеңінен әңгімеледі. Ол, қару өндірісіне байланысты АҚШ-та қосымша 40 мың жұмыс орны пайда болатынын айтты. Екіжақты кездесуде Сауд Арабиясының АҚШ-тан соңғы уақытта миллардтаған долларлық қару алғанын және сол ісін әлі де жалғастырып келе жатқанын айтқан Трамп, ақпарат құралдарына соңғы кезеңдерде Сауд Арабиясына сатылған 12, 5 млрд. долларлық қарулар туралы деректер жазылған суретті да көрсетті. Әдетте айтарын айтып қалатын сырбаз ханзада бұл жолы ештеңе айтпағанмен, не болса бір саусағын ішіне бүгіп қалғаны анық. Себебі, оның іс-әрекетінен АҚШ президентінің қылығын жаратпай қалғаны ашық білініп-ақ тұр. Айта кету керек, Трамп үкіметі мен Сауд Арабиясымен супер-қару саудасына қатысты келісімшартқа қол қойылғаны бәрімізге белгілі. Ал мұншалықты егжей-тегжейлі дерек көпшілік үшін тосын ақпаратқа айналып отыр.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді