Еуропалық қайта құру және даму банкі Батыс Қазақстандағы ең үлкен үлестіруші компаниялардың бірі "Маңғыстау электр желілерін тарату компаниясы" АҚ-на (МЭЖТК) жекешелендіру бойынша қолдау көрсетеді.
12 млрд теңге көлеміндегі кредит алдымен аталған компанияға 2020 жылға дейін инвестициялық бағдарламаны қаржыландыруға көмектеседі. Сондай-ақ, Қазақстан Үкіметінің «Самұрық Энерго» энергетикалық холдингін жекешелендіруге қатысты стратегиялық бағдарламасы аясында "МЭЖТК" АҚ-ға "Қазақстандық коммуналдық жүйелер" ЖШС-ы негізгі акционер болады.
Бұдан бөлек, ЕҚДБ кредитімен қоса аталған компанияға Green Climate Fund-тан 5,3 млн АҚШ доллары көлеміндегі несие беріледі деп күтілуде. Бұл қаражат осы аймақта жоспарланып отырған жаңартылатын энергетика көздері желілерін біріктіру үшін пайдаланылмақ.
ЕҚДБ қарызы МЭЖТК басым инвестицияларын қаржыландыруға көмектеседі. МЭЖТК желілерінің қуатты, тиімділігі айтарлықтай артады, бұл жаңартылатын энергия көздерін желіге үздіксіз интеграциялауға мүмкіндік береді.
Аталған компанияны қаржыландыру жобасына ЕҚДҚ-ның Ресей, Кавказ және Орталық Азиядағы энергетика және ресурстар жөніндегі директоры Аида Ситдикова мен "МЭЖТК" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Нәби Айтжанов қол қойды.
Бұл жоба банкітің Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздерін қаржыландыру бойынша қабылдаған төртінші нұсқасы. Жобаға қатысты шешім 2016 жылы қолға алынды. ЕҚДБ - Қазақстандағы жаңартылатын энергетика көздерінің ірі инвесторларының бірі.