Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің (14 наурыздан бастап Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі болып өзгерді) төраға орынбасары болған 53 жастағы генерал Шухрат Ташпулатовқа қарсы қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Озодлик дереккөзінің хабарлауынша, Шухрат Ташпулатов әскери прокуратураның сұрауы бойынша ақпан айында ҰҚҚ төрағасының орынбасары болған Шухрат Гулямовтың ісі аясында ұсталған. Оған қандай айып тағылғаны әзірге белгісіз.
Шухрат Ташпулатов 2017 жылдың шілде айынан бері ҰҚҚ төраға орынбасары әрі Ташкент облыстық басқарма басшысы қызметін атқарған. Ол қызметінен биыл қаңтар айында алынған.
Қаңтар айында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Сұрхандария облысына барған сапары кезінде, Ұлттық қауіпсіздік қызметін қатаң сынға алып, өткен ғасырдағы 1937 жылғы репрессияға теңеген. Осыдан кейін ҰҚҚ шенеуніктері жаппай жұмыстан шығарылып, тұтқындала бастады.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр