Осы жылдың өткен екі айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет профицитпен атқарылды. Оған негізінен жергілікті бюджеттің жоспардан асыра орындалуы себеп. Жалпы барлық деңгейлерде кірістер артығымен орындалды. бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

Оның сөзінше, шығыстардың игерілу пайызы былтырғы жылдың осындай кезеңіне қарағанда жоғары.

"Мемлекеттік бюджеттің кірістері есептілік кезеңнің жоспарына қарағанда 9,9 пайызға, олардың ішінде республикалық кірістер 2,4 пайызға, жергілікті бюджет 32,2 пайызға асыра орындалды. Республикалық бюджетке 930 млрд теңге кіріс түсті, бұл жоспардан тыс 21,5 млрд теңгеге, ал былтырғы жылдың екі айының көрсеткішінен 60 млрд теңгеге артық. Былтырғы жылдың екі айына қарағанда өсу қарқыны – 6,9 пайыз. Жоспардың асыра орындалуы негізінен пайдалы қазбалар өндіру салығы бойынша жүзеге асты. Бұған  металдың орташа бағасының 14 пайызға өсуі себеп болды", - деді Сұлтанов үкімет жиынында.

Министрдің сөзінше, осымен бірге бірқатар ірі салық төлеушілерден түсімбердің азаюына байланысты коопаративті табыс салығы 84 пайызға ғана орындалып, бюджетке 46 млрд теңге қаражат түспей қалған.

"Жергілікі бюджеттердің өз кірістері 99 млрд теңгеге артық орындалып, 408 млрд теңгені құрады. Асыра орындалу сомасының 83 млрд теңгесі салықтарға келеді. барлық өңірлерде кірістердің жоспары артығымен орындалды.

Ал мемлекеттік бюджет шығыстары 91,1 пайызға, республикалық – 91,6 пайызға, жергіліті бюджеттер 94,6 пайызға атқарылды. Республикалық бюджет шығыстары 1 трлн 519 млрд теңгені құраған.

"Бюджет қаражаты 139 млрд теңгесі атқарылмады. Оның 10 млрд теңгесі үнемдеу болды.  Ал игерілмеген сома 129 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштермен салыстырғанда 16 млрд теңгеге аз болса да, қомақты сома. Жалпы республикалық бюджет шығыстарының игерілмеу сомасының 52 пайызы Қорғаныс министрлігіне қатысты. Басты себебі – мемлекеттік қорғаныс табысын бекіту туралы үкіметтің қаулысын уақытында дайындамау", - деді министр.

“The Qazaq Times”