Соңғы 4 жылда әлем бойынша қару-жарақ саудасы 10 пайызға өсті – деп хабарлайды Forbes журналы.
Жаһан проблемаларын зерттейтін Стокгольм институты ғалымдарының мәліметінше, 2013-1017 жылдар аралығында қару-жарақ саудасы 2008-2012 жылдармен салыстырғанда 10 пайызға артқан. Қару-жарақ саудасының басым көпшілігі Азия мен Таяу Шығыс аумағында жасалған. Ал бұған дейін көш бастап келген Африка, Америка және Еуропада бұл көрсеткіш керсінше азайған.
Жалпы, қару-жарақ саудасының басым көпшілігі АҚШ, Ресей, Франция, Германия және Қытайға тиесілі. Олар әлемде саудаланып жатқан қару-жарақтың 74 пайызына ие. Соңғы 10 жылда қару-жарақ пен әскери техниканың 32 пайызын Таяу Шығыс елдері сатып алған. Ал 2013-2017 жылдар аралығында жекелеген елдер арасында әскери техника мен қару-жарақ сатып алуда Үндістан көш бастап тұр. Оның еншісіне әлемдік қару-жарақ импортының 12 пайызы тиесілі.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды