Тәжікстан мен Өзбекстан президенттерінің Душанбеде өткен кездесуі нәтижесінде екі ел азаматтарына отыз күндік визасыз жүйе енгізу туралы келісім қабылданды.
Визасыз жүйе енгізу туралы келісімді екі елдің парламенттері жақын күндері мақұлдайды. "Мұндай жұмыс бір аптадан он күнге дейін уақыт алуы мүмкін", - деді тәжік депутаттарының бірі.
Ақпаратқа қарағанда, Ұлт сарайында өткен келіссөздерде сауда-экономикалық әріптестікті дамыту мәселелеріне көңіл бөлінді. Өткен жылдың қорытындысына қарағанда, сауда айналымы 240 млн доллар болған.
"Президент Шавкат Мирзияев тауар айналымын алдағы жылдары 500 млн долларға дейін жеткізу үшін әлі дамымай жатқан салалар бар екенін айтты", - делінген өзбек президентінің баспасөз қызметі таратқан ресми хабарламада.
Ал Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон екі ел арасындағы сауда айналымы алдағы жылдары 1 млрд долларға жетеді деп үміттенді. Тәжік басшысы екі ел арасындағы мемлекеттік шекараны "достық шекарасы" деп атап, Тәжікстан мен Өзбекстан Сарез өзенінің су ресурсын екі елдің дамуы үшін пайдалануға келіскенін атап өтті.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды