Каддафи отбасының Бельгияда бұғатталған 11 миллиард еуро қаржысы жоғалып кетті – деп хабарлайды Le Vif журналы.
Басылым мәліметінше, 2011 жылы БҰҰ салған санкциядан кейін Муаммар Каддафи отбасының жеке шотында құнды қағаз есебінде 14,2 млрд еуро және 1,9 млрд еуро ақшалай қаржы болған. Алайда бұл қаржы 2017 жылы 11 млрд еуроға кеміген. Қазіргі таңда Каддафи отбасына тиесілі делінген ливиялық «Libyan Investment Authority» инвестициялық компаниясының есепшотында 5 млрд еуро қаржы қалған. 11 млрд қаржының қайда кеткенін ешкім білмейді. «Le Vif» журналының жіберген сауалына Бельгия бас прокуратурасы мардымды жауап бермеген. Егер Бельгия құзырлы органдары 11 миллиард еуроның қайда кеткенін анықтамаса, онда бұл халықаралық дауға ұласуы мүмкін.
Ливия басшысы Муаммар Каддафи 2011 жылы мемлекеттік төңкеріс кезінде көз жұмған. Дәл осы жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы салған санкциядан кейін Каддафи отбасына қатысы бар делінген 500-ге жуық компанияның жеке шоттары бұғатталған. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен НАТО елдері Каддафидің шотында бұғатталған қаржы азаматтық соғыстан кейін Ливияны қалпына келтіруге жұмсалады деп мәлімдеген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?